Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

30 октября 2025

16

Новости

ЕКІ КҮНДІК АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Халал Даму» мамандарының «Қарқын-2030» кәсіпорнында жүргізген аудиттің екінші күні өндіріс цехтары, қоймалар және дайын өнім сақтау орындарына тексеру жұмыстары жалғасты. Сарапшылар технологиялық процестердің халал стандарты талаптарына сәйкестігін, қолданылатын шикізаттың шығу тегін және жеткізушілердің құжаттамаларын мұқият зерделеді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерімен сұхбат жүргізіліп, олардың халал талаптары жөніндегі білім деңгейі, санитариялық-гигиеналық жағдайлар және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі бағаланды. Тексеру барысында өндіріс аумағындағы тазалық, құрал-жабдықтардың санитарлық жағдайы және өнімнің сақталу тәртібі де назардан тыс қалмады.

Күн соңында аудит қорытындысы талқыланып, анықталған ескертулер мен оларды жоюға арналған ұсыныстар кәсіпорын басшылығына жеткізілді. Сарапшылар кәсіпорынның халал сапа жүйесін жетілдіру, персоналды тұрақты түрде оқыту, біліктілігін арттыру және өндірістік тәртіпті нығайту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар берді.



Поделиться: