Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

30 октября 2025

7

Новости

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖАЛҒАСУДА

Маңғыстау облысындағы «Стамбул ет», «Наср ет» ет дүкендері, «Manali», «Bandai tatti», «Gulai tattileri» кондитерлік цехтарында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің мамандары жүзеге асырды. 

Тексеріс барысында өндірістік цехтар, қоймалар, шикізат және дайын өнім сақтау орындары мұқият қаралды. Сарапшылар ет және кондитер өнімдерінің технологиялық процестерін, қолданылатын шикізаттың шығу тегін, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау деңгейін жан-жақты бағалады.

Аудит нәтижесінде барлық кәсіпорында халал стандарты талаптарының сақталатыны анықталды. Ет дүкендері мен кондитерлік цехтарда өнімнің әр кезеңінде сапаны бақылау жүйесі енгізілгені, жеткізушілердің тиісті құжаттары бар екені расталды. Сонымен қатар, мамандар өндіріс қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру бойынша кеңестер берді.

Тексеріс қорытындысы бойынша, «Халал Даму» өкілдері кәсіпорындарға өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстау, технологиялық процестерді жетілдіру және тұтынушыларға адал өнім ұсыну бойынша ұсынымдар жасады. Осылайша, «Стамбул ет», «Наср ет», «Manali», «Bandai tatti» және «Gulai tattileri» кәсіпорындары халал талаптарына сәйкес жұмыс істеп жатқаны ресми түрде расталды.

Поделиться: