«НАУРЫЗ АГРО» ҚАСАПШЫЛАРЫНА СЕМИНАР
Алматы облысы, Жетіген ауылында орналасқан «Наурыз Агро» қасапханасының қасапшыларына халал стандартының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Семинар барысында «Халал Даму» ұйымының жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқып, қатысушыларға халал стандарттарының негізгі принциптері, ет өнімдерін өңдеу және сақтау кезіндегі талаптар, сондай-ақ сертификаттау процесі туралы толық ақпарат берді.
Семинар барысында қатысушыларға практикалық мысалдар көрсетіліп, қасапхананың өндірістік процестерінде халал талаптарын сақтау жолдары түсіндірілді. Оқыту соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
«Іс-шараның мақсаты – жергілікті қасапхананың өнімдері халал стандарттарына сәйкес болуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің білімін арттыру болды», – дейді жергілікті өкіліміз.

