.jpeg)
ПАВЛОДАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
«Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызы мен жергілікті өкіл Серік Темірбай өңірдегі кәсіпорында айлық аудит жұмыстарын жүргізуде. Аудит барысында қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, кондитерлік цехтар, ет дүкендері, тағамдық қоспалар өндірісі тексерілді.
Аудит кезінде кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты сараланып, өнімдердің құрамы, өндіріс процесі және сақтау шарттары қатаң бақылауға алынды. Әсіресе, шикізаттың шығу тегі, тағамдық қоспалардың құрамы және олардың халал талаптарына сай болуы мұқият зерттелді.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің шариғат талаптарына сәйкес жұмыс жүргізуі, құрал-жабдықтардың тазалығы мен өндірістік орындардың санитарлық-гигиеналық жағдайы бағаланды. Сарапшылар анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер жасап, оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берді.
Аудит нәтижесінде талаптарға толық сай кәсіпорындарға халал сертификатының талаптарын сақтауды жалғастыру бойынша нұсқаулықтар берілді. Ал белгілі бір түзетулер қажет өндіріс орындарына ескертулер жасалып, оларды реттеу мерзімі белгіленді. Сондай-ақ, сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде семинар өткізілді.