
«TERRA MEAT» ЖӘНЕ «POULTRY AGRO» КӘСІПОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Қостанай облысындағы халал стандартына сай сертификатталған «Terra meat» қасапханасы мен «Poultry agro» құс фабрикасында айлық аудтит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкіл Алишер Балахмет орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексеріліп, өндірістік процестер қатаң бақылауға алынды. Сарапшылар мал және құс сою кезеңдерін мұқият қадағалап, шариғат талаптарына сай бауыздау ережелерінің сақталуын назарға алды.
Сонымен қатар, қасапхана мен құс фабрикасындағы құрал-жабдықтардың тазалығы, шикізаттың өңделуі, жұмысшылардың халал стандарттарын сақтау деңгейі тексерілді. Кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер жасалып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.