
ШЫМКЕНТТІК ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық мешіт имамдарына қасиетті Рамазан айында ауызашарларда сертификатталған халал өнімдерді қолданудың мәселесі мен маңызы түсіндіріліп, семинар өткізілді. Жиын барысында «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев халал азық-түлік мәселесі жөнінде кеңінен түсіндіріп, рұқсат етілген өнімдер тізімімен бөлісті.
Сондай-ақ, ол халал стандарттарына сәйкес келетін өнімдерді таңдаудың маңыздылығын атап өтіп, мешіт имамдарына сертификатталған кәсіпорындардан алынған тағамдарды пайдалануға кеңес берді.
Семинар барысында қатысушыларға халал өнімдерді анықтау тәсілдері, олардың сапасын тексеру әдістері және күмәнді тауарлардан аулақ болу жолдары түсіндірілді. Жиын соңында имамдар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халал индустриясына қатысты қажетті ақпарат алды.
Іс-шара қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың адал және таза азық-түлік тұтынуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.