
ШЫМКЕНТ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек қала мешіттерінде «Раббың үшін құрбан шал» тақырыбында мешіт имамдарына арналған семинар өткізді.
⠀
Семинар барысында құрбан шалудың шариғи үкімдері, малдың жарамдылық шарттары, жасы мен денсаулығына қатысты талаптар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құрбандықты халал стандарттарына сай ұйымдастырудың маңыздылығы мен талаптары айтылып, имамдардың осы бағыттағы рөлі ерекше аталып өтті.
⠀
Жиын соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты сауалдарын қойып, тәжірибе алмасып, Құрбан айт мерекесіне дайындық барысын пысықтады. Семинардың мақсаты — мешіт имамдары арқылы жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар беру және құрбандық рәсімінің шариғатқа сай орындалуын қамтамасыз ету.