X
Меню
X

ХАЛАЛ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ

ХАЛАЛ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ
Print Friendly, PDF & Email

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылында орналасқан құс еті мен өнімдерін өндірумен айналысатын, «Курочка ряба» тауарлық белгісімен танылған «Capital projects LTD» ЖШС халал сертификатына ие болды. 

«Capital projects LTD» ЖШС кәсіпорыны 2012 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп, 2014жылдың екінші жартысында өнімнің алғашқы партиясын өндірді. Жылына 20 000тонна құс етін шығаратын  кәсіпорында 730 адам жұмыс істейді. Құс фабрикасы бірнеше жеке цехтардан тұрады. Атап айтқанда, құс сою пункті, құс етін өңдеу учаскесі мен шұжық цехтары. Құс сою пунктінің жалпы аумағы 9270,4 шаршы метрді алып жатыр. Құс фабрикасының қуаттылығына келер болсақ, күніне 33000 бас құс еті сойылады.

2019 жылы жоспар бойынша 18 645 тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Шұжық цехының жалпы аумағы 903,8 шаршы метр. Бір ауысымда 5000кг шұжық өнімдерін, деликатес, фарш өндіреді.

Бір айға созылған тексеріс жұмыстарында құс сою пункті, шұжық цехы, құстарға берілетін құрама жемдер құрамы тексерілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік жағдайлары да қадағаланып, қасапшылары мен технологтары, мастер шеберлеріне оқу- семинар жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған