Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 мамыр 2020

380

Мақалалар

"ҚМДБ ХАЛАЛ" БЕЛГІСІ ЖӨНІНДЕ СҰРАҚ

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым, неге «ҚМДБ халал» сертификатын алған кейбір өнімдерде «ҚМДБ халал» таңбасы көрсетілмейді?

Жауап: Сәлеметсіз бе! Иә, кейбір сертификатталған өнімдерде «ҚМДБ халал» таңбасы көрсетілмей жатады. Ең бірінші себеп - өнім өндіршуі кәсіпорынның алдын-ала ұзақ мерзімге өнім қаптамасын шығарып қоюы. Ескі қаптама аяқталмау себепті, сертификат алғаннан кейін бірден «ҚМДБ халал» таңбасын қоя алмай жатады.

   Біздің тараптан, сертификат алған барлық кәсіпорынға өнімдерінің сыртында «ҚМДБ халал» таңбасын қою талап етіледі.

Бөлісу: