Қостанай: «ҚМДБ халал» сертификаты насихатталды
«Халал Дамудың» Қостанай өңірі бойынша жауапты өкілі Алишер Балахмет сертификатталған «Meat mall» және «Қостанай Агро продукт» компанияларында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі біраз дәмханаларда үгіт-насихат шараларын өткізді.
«Meat mall» және «Қостанай Агро продукт» қасапханаларында жүргізілген айлық тексеріс барысында «Мал бауыздау және ет өңдеу» халал стандарты талаптарының сақталуы мен орындалуы қадағаланды.
«Қостанай Агро продукт» қасапханасы сертификаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген болатын. Соңғы тексеріс жұмыстарының оң нәтижесінен кейін, технолог және контролер-инспектор мамандардың қорытынды шешімімен қасапханаға «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.
Сонымен қатар, үгіт-насихат шараларынан соң біраз дәмханалар «ҚМДБ халал» сертификатын алуға өтініш білдірді.
"Халал Дамудың" баспасөз қызметі