Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 маусым 2020

23

Жаңалықтар

«Гиппократ» халал сертификаттаудан өтеді

Бүгін «Халал Даму» мамандары дезинфекциялық препарттар өндіруші «Гиппократ» кәсіпорынында болды. Аталған компания «ҚМДБ халал» сертификатын алуға өтініш білдірген болатын.

«Гиппократтың» өндіріс орнында болған «Халал Даму» директоры Айбек Аташев, инспектор-контролер Чадаев Маратхан, бас технолог Айжан Омарова сертификаттау алдын өткізілетін міндетті бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өндіріс барысымен танысты.

Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына халал сертификаттаудың тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Өндірісте қолданатын шикізат пен қоспалар зертханалық тексерістен өткеннен соң және технолог мамандар мақұлдағаннан кейін ғана «ҚМДБ халал» сертификаты берілетіндігін жеткізді.

«Гиппократ» - 30 түрлі антисептикалық, стерильді, дезинфекциялық өнім дайындайтын ірі компания.  Күніне 24 тонна дезинфекциялық өнім өндіруге қауқарлы. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы», «Қорғаныс министрлігінің негізгі әскери клиникалық госпитальі», «Алматы қаласының дезинфекциялық станциясы», Нұр-Сұлтан қаласының перинатальдық орталықтары секілді 1500-ге жуық емханалар мен өзге де мекемелерді дезинфекциялық өнімдермен қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, «Халал Даму» ұжымы «Treegene» молекула-генетикалық зертханасында болды. «Treegene» - «ҚМДБ халал» сертификатын алушы кәсіпорын өнімдеріне зертханалық тексеріс жүргізетін серіктес мекеме. Кездесу барысында алдағы жоспарлар талқыланып, екі жақты байланысты одан әрі нығайта отырып, тығыз байланыста жұмыс атқаратындығына келісілді.

"Халал Дамудың" баспасөз қызметі

Бөлісу: