Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 қазан 2016

56

Жаңалықтар

Тағам қауіпсіздігі мамандары іс-тәжірибеден өтуде

Тағам қауіпсіздігі мамандығының «Халал өнімдерді өндіру технологиясы» траекториясының магистранттары ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінде іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Естеріңізде болса өткен жылы ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімі мен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ынтымақтастығы негізінде аталмыш университетке «Халал өнімдерді өндіру технологиясы» мамандығына 4 магистарант қабылданып, Малайзия мемлекетіндегі Путра университетінде (UPM) іс-тәжирібиеден өтіп келген болатын. Ал, үстіміздегі оқу жылында «Халал өнімдерді өндіру технологиясы» мамандығына 10 магистрант қабылданды.

Бөлісу: