Астанада халал индустриясына байланысты отырыс өтті
Қыркүйектің 30-ы Астана қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы «Атамекен» пікірталас клубының «Қазақстандағы халал-индустрияның жай-күйі» тақырыбында отырысы өтті. Отырысқа ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Астана қалалық өкілі Сәлімов Асхат қатысты. Қатысушы қонақтар бір ауыздан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылығымен бірлесе отырып, заң қабылдау қажет деген ортақ пікірге келді. Пікірталасқа осы салаға қатысы бар: Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстандағы Халал индустрия ассоциациясы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Иран елшілігінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның мамандары мен белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қатысты.