Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 қазан 2016

53

Жаңалықтар

Алматыда шариғат талаптарына сай қонақ үйге сертификат берілді (фото)

Алматыда шариғат талаптарына сай қонақ үйге сертификат берілді. Қонақ үй әкімшілігінің өтінішіне орай ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі аталмыш мекемені тексеруден өткізді. Шариғат талаптарына сай әлемдік стандарттарға толық жауап бере алатын қонақ үйге сертификатты "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады. Қонақ үй халал асхана, намазхана, әр бөлмеде Құран және жайнамазбен жабдықталған. Спирттік ішімдіктер ішуге, алып келуге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, қонақ үй аз уақытқа жалға берілмейді және ер азамат пен әйел азаматтың құжаттары талап етіледі. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 ықшамауданы, Жұмабаев пен Палладина көшелерінің қиылысында орналасқан. g g4 g3 g5 g6 g7 g8 g9 g10 g11 g15 g13 g14

Бөлісу: