13 сәуір 2015

27

Жаңалықтар

Наиб мүфти халал сертификатын табыстады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрғасының орынбасары Серікбай қажы Ораз «Ансар Халал» ЖШС кәсіпорынының басшыларымен кездесіп, Діни басқарманың халал сертификатын берді. Осы уақытқа дейін кәсіпорынның жұмысы ҚМДБ бекіткен халал ережесіне сай сараптамадан өткен болатын. Кездесу барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз: «Халал тікелей дінге қатысты ұғым. Жалпы халалды дамыту, өркендету ең бірінші, елдің болашағы ұрпақ денсаулығы үшін маңызды. Қазіргі уақытта Діни басқарма осы бағытта жұмыс жасап жатыр»,-деді. «Ансар Халал» кәсіпорынының директоры Асқар Төлеуханұлы Серікбай қажы Оразға алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді. Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін ЖШС «Халал сұлтан», ЖШС «Ақ ниет», «Алель Агро» АҚ кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификаты берілген болатын. dsc_0026 dsc_0020

Бөлісу: