АЛМАТЫДАҒЫ ДӘМХАНАЛАР ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы қаласындағы «Coffee Original Taugul», «Coffee Original Zharokova», «Coffee Original Navoi», «Coffee Original Arena park», «Okadzaki Arena Park» дәмханаларында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев пен Жансая Шалқарқызы орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат пен қоспалардың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, құжаттамалардың жүргізілуі және қызметкерлердің ішкі тәртіпті сақтау деңгейі жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ, тағам дайындау кезінде халал стандарттарының қатаң сақталуына, айқас ластанудың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған ескертулер мен ұсыныстар кәсіпорын басшылығына жеткізіліп, оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.






