ПАВЛОДАРДА АУДИТ ЖАЛҒАСУДА
Павлодар қаласындағы «Best Milk» сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорны, «Tagam», «Sushi luxe», «Krendel» кондитерлік өнімдері, сондай-ақ «Santos» және «MadLena» мейрамханаларында жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, қолданылатын шикізат, сақтау және дайындау үдерістері, ас дайындау аймақтарының тазалығы, қызметкерлердің жеке гигиенасы, сондай-ақ құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі, сондай-ақ дайын өнімнің тұтынушыға дейінгі қадағалану тетіктері жан-жақты қаралды.
Аудит қорытындысы бойынша кейбір кәсіпорындарда анықталған ескертулерді жою жөнінде нақты ұсыныстар беріліп, кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарын толық сақтау қажеттігі ескертілді. Ал, бірқатар ксіпорындарда халал талаптарының толық сақталатыны анықталды.


