Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қаңтар 2026

19

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: «АЯЛА-ПЛЮС» ЗАУЫТЫНДА АУДИТ

Алматы қаласында орналасқан «Аяла-плюс» сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорнында халал сертификатын жаңарту мақсатында алдын ала аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті мамандар Өміржан Терлікбаев пен Жансая Шалқарқызы қатысты.

Аудит барысында өндірістік желілер, қолданылатын шикізаттың шығу тегі, сақтау және өңдеу үдерістері, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ ішкі құжаттамалардың халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді.  Сонымен қатар өндірістік аймақтардың тазалығы, қызметкерлердің жеке гигиенасы, технологиялық тәртіптің сақталуы және өнімнің қадағалану жүйесі жан-жақты қаралды. 

Тексеру нәтижесі бойынша акт толтырылып, кәсіпорын басшылығына тиісті ұсыныстар беріліп, халал талаптарын толық орындау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Бөлісу: