ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Қырғызстан Республикасындағы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Риха», «Аброй», «Тойбосс», «Дилнур» шұжық цехтары мен «Куликовский» кондитерлік цехы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Аблайхан Кәріпбаев орындады.
Аудит барысында өндіріс орындарындағы шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, технологиялық үдерістердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық жағдай, құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі және өнімнің қадағалану жүйесі жан-жақты қаралды. Сондай-ақ, өндірістік аймақтарда бөгде қоспалардың қолданылмауы мен халал талаптарының толық орындалуына ерекше назар аударылды.
Аудит қорытындысы бойынша қорытынды акт толтырылып, халал стандарты талаптарының толық сақталғанына көз жеткізілді. Сондай-ақ, кәсіпорын басшыларына тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарын одан әрі жетілдіру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.








