03 наурыз 2015

51

Жаңалықтар

«Алель Агро» құс фабрикасына халал сертификаты берілді (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халал өнімдерін өндіретін «Алель Агро» АҚ құс шаруашылығының басшыларымен кездесіп, Діни басқарманың адал сертификатын берді. Бас мүфти кездесу барысында: «Қазіргі уақытта мұсылман жамағаты ғана емес, көпшілік қауым адал дегеннің не екенін ұғып келеді. Алдағы уақытта адалға сұранысын арта түспек. Сондықтан адал – индустриялық дамуға үлесін қосып, әрбір адамның денсаулығы мен қоғамдық белсенділігіне тікелей әсерін тигізеді»,-деді. Құс етін сатумен айналысатын «Алель Агро» фабрикасының халал жүйесіне жауапты бас маманы Нұрлан Несіпбаев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді. Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін ЖШС «Халал сұлтан», ЖШС «Ақ ниет» кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификаты берілген болатын. dsc_0574 dsc_0583 dsc_0597 dsc_0601

Бөлісу: