Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қараша 2015

56

Жаңалықтар

Малайзияда «Халал стандарт және инфрақұрылым сәйкестігі» тақырыбында семинар өтті

2015 жылдың 17-27 қазан аралығында Малайзия елінің Путраджая қаласында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдерге арналған «халал стандарт және инфрақұрылым сәйкестігі» бағдарламасы бойынша оқу семинары өтті. Бұл семинарға елімізден ҚМДБ-ның «халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысқан болатын. Жоғарғы деңгейдегі бағдарламаға Мысыр, Гамбия, Йордания, Мали, Сауд Арабия, Судан Турция, Уганда, Өзбекістан, Пәкістан, Қазақстан және т.б. елдер шақырылған. Оқу семинары стандарттау, сапа, аккредитация және метрология мәселелері төңірегінде өрбіді. Әр елдің стандарттау жүйесі, халал саласының даму деңгейі назарға ұсынылды. Айта кетерлік тағы бір жайт, Малайзияда жалпы 6 мың стандарт бекітілген, оның 2 мыңға жуығы халал төңірегінде. Сонымен қатар 600-ге жуық лаборатория бар болса, оның 19-ы халал бағыты бойынша жұмыс жасайды. ????????????????????????????????????

Бөлісу: