Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қазан 2016

51

Жаңалықтар

ҚМДБ: «СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Алматыда ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын Ресей Федерациясы Киров қаласының ірі кондитерлік фабрикасы «Аструм-М» ЖШС-на «Халал» сертификатын табыстады. Осы уақытқа дейін кәсіпорынның жұмысы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бекіткен халал ережесіне сай сараптамадан өткен болатын. «Аструм-М» ЖШС-ның «Сладкая Слобода» сауда белгісімен шығаратын печенье, вафли және т.б. кондитерлік өнімдері Халал талаптарына сай екені анықталған. Өнімдері генді-молекулярлық зертханада текесерістен өткен, ГМО және тыйым салынған қоспалар құрамы қосылмаған. Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 67 кәсіпорынға Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Бөлісу: