ҚМДБ өкілі мешіт жамағатымен жүздесті
Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның жанынан ашылған «Халал өнімдерін сертификаттау» бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев «Бекет-ата» мешітінің жамағатымен кездесті. Жиынға Алатау ауданы мешіттерінің имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Кездесуде халал өнімдерге қатысты шариғи талаптар мен халал өнімді стандарттаудың бүгінгі күндегі өзекті мәселелері жөнінде өрбіді. Мұндағы мақсат жамағаттың білімін көтеру. Бейбіт Мырзагелдиев дәрісте: «Еліміздегі халал өнімдерді стандарттау мәселесін бір жүйеге келтіру мақсатында Ресей, Татарстан, Түркия елдерімен тығыз жұмыс жасаудамыз. Алдағы уақытта елімізде халал өнім өндіретін кәсіпорынның жұмысы шариғат талаптарына қаншалықты сай екенін анықтап, бақылап отыратын боламыз. Сондықтан, әр мұсылман халал өнімге көбірек білуі тиіс»,-деді. Мешіт жамағаты Б.Мырзагелдиев мырзаға сұрақтар қойып, қанағаттанарлықтай жауап алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.