Шымкентте «Халал ас - салауатты ұрпақ кепілі» атты оқу семинары өтті
Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында «Халал ас - салауатты ұрпақ кепілі» атты оқу семинары болып өтті. Аталмыш оқу семинарына арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек, облыстық халал бөлімінің жетекшісі Бақдәулет Абдрахманов және қала имамдары қатысты. Оқу семинары барысында ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев арнайы халал өнімдері жөнінде дәріс оқыды. Сондай-ақ, халал жұмыстарын жан-жақты дамыту, мал соятын халал орындардың жұмысын күшейту, түрлі кәсіпорындарды халал жүйесіне тарту, БАҚ арқылы және өзгеде орындарда насихаттау жөнінде тапсырма берілді. Жалпы, оқу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша баспасөз қызметі