Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қараша 2016

53

Жаңалықтар

ҚМДБ: АЛМАТЫДА АЛҒАШ РЕТ ХАЛАЛ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТІП ЖАТЫР (ФОТО)

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған халал өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Шараның ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, алғы сөз сөйледі. «Діни басқарма қоғамның сұранысын қанағаттандыру үшін халал өнімдерінің стандартын жүйелеп, дамыту бағытында жұмыс жасап келеді. Бүгінде елімізде адал ас тұтынғысы келетіндер өте көп. Бұл біздің мұсылмандығымыздың белгісі. Адал ас арқылы біздің сеніміміз бен бір-бірімізге құрметіміз, болашаққа деген үмітіміз, мейріміділігіміз арта түседі деген сенімдемін», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

718340_1478847380_890_530_0

Жәрмеңкеге Қазақстанның 30-дан астам халал тағам өндірушілері келіп қатысуда. Жәрмеңке сөрелеріне ет пен сүт тағамдарының, кондитерлік өнімдер мен басқа да халал тағамның кез келген түрлері қойылды. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспаларды өндіретін компаниялар да аталмыш жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынды.

996104_1478847380_890_530_0

921608_1478847581_890_530_0

910227_1478847380_890_530_0

866291_1478847380_890_530_0

800037_1478847380_890_530_0

584562_1478847380_890_530_0

544611_1478847581_890_530_0

526605_1478847581_890_530_0

472569_1478847380_890_530_0

466736_1478847380_890_530_0

361509_1478847380_890_530_0

225428_1478847581_890_530_0

102234_1478847380_890_530_0

102091_1478847380_890_530_0

94911_1478847380_890_530_0

39037_1478847581_890_530_0

Бөлісу: