БАС МҮФТИ ХАЛАЛ ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫНА АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)
ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өтіп, «Халал» сертификатына ие болған компания басшыларымен алғашқы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев және 30-ға жуық компания басшылары қатысты. Кездесу барысында ҚМДБ төрағасы мен компания басшылары «Халал Даму» ЖШС-ның осы уақытқа дейіңгі атқарылған жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, «Халал Даму» ЖШС-ның жеке сайты іске қосылып, қонақтар назарына ұсынылды. Кездесу соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының компания басшыларына Алғыс хат табыстады.
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі