Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 маусым 2016

95

Жаңалықтар

ҚМДБ: «OZYURT» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі, «Халал Даму» ЖШС-нің қызметкерлері жартылай дайын өнімдер шығаратын «OZYURT» өндіріс ошағына тексеріс жұмыстарын жүргізді. «OZYURT» халал кәсіпорыны 2016 жылдың ақпан айында «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған болатын. Содан бері Діни басқарманың бақылауында жұмыс жасап келеді. Тексеріс барысында кәсіпорынның Шариғат талаптарын сақтау тәртібі мен өнімдердің құрамы тексерілді. Себебі, халық өнімдердің қорабында халал деген таңба тұрса да күмәнмен қарайды. Ал, кәсіпорындардың жұмысын үнемі қадағалап, бақылап отыру - өнім сапасын жақсартудың негізгі бағыты мен алғышарттарының бірі. 800237_1466152637 «Жартылай дайын өнім шығаратын «OZYURT» кәсіпорынына сертификат беруіміздің басты себебі, халық көп жүретін орындарда тез дайындалатын тағамдардың Шариғат талаптарына сай болуы өтте маңызды. Бұл кәсіпорын «Халал Даму» ЖШС-нің стандарттары бойынша сертификатталды. Осындай халал өнімдер шығаратын өндіріс ошақтары елімізде көбейсе деген ниеттеміз. Өйткені өнімдердің қағазында халал деген таңба тұрса да халық күмәнмен қарайтын болды. Діни басқарма осы жағдайды болдырмас үшін қатаң қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді», – деді «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Бейбіт Мырзагелдиев. 481943_1466152633_890_530_0 Бүгінгі Қазақстан қоғамында халал-өнімдер мен халал-қызметтерге қызығушылық өсіп, сұраныс артып келеді. Кәсіпорын қызметкері Ербол Иманалив халал сертификатын алудағы басты мақсат тұтынушыларға таза өнім ұсыну екенін айтады. 187433_1466152633_890_530_0 «Тамақ өнімдерін шығаратын «OZYURT» кәсіпорыны ет өнімдерін халал сертификатын алған ет өңдеу орталықтарынан алады. Күнделікті 2.5 тонна дайын өнім шығарамыз. Дөнерге арналған ет, кәуап еті, котлеттер, тартылған ет, тефтел түрлері шығарылады. Котлеттің 8 түрі, тұшпараның 2 түрін өндіреміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын тұтынушылардың халал таңбалы өнімге деген сұранысының артуы себепті алып отырмыз. Өйткені халал, ең бірінші, таза өнім», – деді технолог Ербол Иманалив. 788738_1466152633_890_530_0 Сондай-ақ, шара барысында халал бойынша Ақтөбе облысының өкілі Жандос Сайланов өндіріс ошағының жұмысымен танысып, тәжірибеден өтті.  Басты мақсат имамдардың халал мәселесіне қатысты алған білімдерін тәжірибе жүзінде нақтылап, кәсіптік бағдар беру. Сонымен бірге, бұл игі шара өкілдердің ҚМДБ-ның халал сертификатын алған кәсіпорындарды бақылап, зерттеп-зерделеуіне мүмкіндік береді. Айта кетсек, бүгінде 50 кәсіпорын «Халал Даму» ЖШС-нің сертификатын алып, «халал» стандарты бойынша өнім өндіріп, халыққа қызмет етіп келеді.

Әсет БЕКТҰР,

ҚМДБ баспасөз бөлімінің бас маманы

muftyat.kz

960995_1466152633_890_530_0

593653_1466152633_890_530_0

962626_1466152633_890_530_0

922152_1466152633_890_530_0

126229_1466152633_890_530_0

271380_1466152633_890_530_0

942854_1466156194

Бөлісу: