«Игеликова» ЖК мекемесінде кезекті оқу-семинар өтті
«Игеликова» ЖК мекемесінде кезекті оқу-семинар өтті.
«Асату» сауда белгісімен өндіретін «Игеликова» ЖК мекемесінің қызметкерлеріне кезекті оқу-семинары өткізілді.
Семинарды ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бас сарапшысы Алмагуль Қуанышқызы жүргізіп, мекеме қызметкерлеріне Қазақстанның Халал индустриясы тақырыбында дәріс оқыды .
Айта кетсек, кондитерлік өнім өндіретін мекеме арнайы тексерістен өткізіліп, 2016 жылы 11 қарашада «Халал» сертификатына ие болды. Мекеме Алматы қаласы, Ұлжан ықшам ауданы, Жаңалық көшесі, №508 үй мекен-жайында орналасқан.
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі