Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қараша 2016

56

Жаңалықтар

«Фердаус» халыққа халал ас ұсынады

Бүгін елордамыз халыққа халал ас ұсынатын тағы бір мейрамханамен толықты. «Фердаус» атауын алған мейрамхана қала қонақтары мен тұрғындарына асыл шариғатымыздың талап-шарттарына сай дәмді ас-тағамдар ұсынады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов жаңа мейрамхананың жай-күйімен танысты. Халал стандартына толықтай сәйкес келетін мекеме өнімдерінің сапасына көңіл толатынын жеткізіп, «Фердаус» мейрамханасының өкілі Ербол Басурмановқа ҚМБД Халал стандарттау бөлімінің арнайы сертификатын табыстады. «Бас қаламызда дінімізде белгіленген талаптарға тиісті әзірлік жасап, халыққа халал өнімдер ұсынатын өндірістер көбейіп келеді. Бұл көңіл қуантады. Діни басқарма шариғатымызға сай қызмет көрсетіп, тауар-өнімдер дайындауға ерекше назар аударады. Сол себепті де біз осы салада жіті тексеріс жүргіземіз және халыққа сапалы өнімдер мен қызметтер ұсынылуына мүдделіміз. Алла Тағала кәсіптеріңізге береке берсін» деді Асхат Сәлімов. Айта кетейік, «Фердаус» мейрамханасы М.Жұмабаев көшесінде орналасқан (Обаған көшесімен қиылыс).  

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: