«КазТехнолоджиПак» ЖШС мекемесі «Халал» сертификатқа ие болды
Ет өнімдерін өңдеуші комбинаттарына ұсынылатын тағамдық қоспалар мен шұжық қаптамаларын өндірумен айналысатын «КазТехнолоджиПак» ЖШС мекемесі ҚМДБ-ның «Халал» сертификатына ие болды. Сертификатты ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы арнайы табыстады.
Аталмыш мекеме 2002 жылы құрылып 150-ден аса шұжық өнімдерін өндіретін Қазақстандық компаниялармен жұмыс істеп келеді.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, №237а үй. Толық ақпарат www.ktp-kz.kz, www.cleanfixktp.kz сайтында.
ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі