ҚМДБ өкілі Татарстан Республикасының Мүфтиімен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау және Қажылық бөлімдерінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен Татарстан Республикасының Мүфтиі Камил хазрет Самигуллин арасында кездесу өтті. Іс-шараға ТР МДБ «Халяль» комитетінің жетекшісі Марат Низамов және оның орынбасары Хайдар хазрет Камалетдинов те қатысты. Кездесу барысында қажылық, халал өнімдерін сертификаттау және уақып бойынша келелі сөз өрбіді. Камил хазрет алдағы уақытта ынтымақтастық негізінде бірлесіп жұмыс істеу уақыт күткізбейтін мәселе екендігін ашып айтты. Бейбіт Мырзагелдиев өз кезегінде ҚМДБ Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Камил хазертке тиімді ынтымақтастығы үшін шынайы алғысын жеткізді. Камил хазрет Самигуллин ізгі тілектерін айта отырып, өз ризашылығын білдірді. Осыдан кейін ТР МДБ «Халяль» комитетінің жетекшісі Марат Низамовпен және «Вакф» қорының бас жетекшісі Рустам Хабибуллинмен болған арнайы кездесуінде халал өнімдерін сертификаттау саласында ортақ бір стандартты енгізу және сол бойынша халықаралық деңгейде жұмыс жасау ұсынысы және т.б. көкейкесті мәселелер талқыланды. Отырыс барысында Татарстан Республикасының тәжірибесі мол «Вакф» қорының жұмысымен, ережелерімен де танысылып, тәжірибе алмасылды.
Muftyat.kz