«Халал Даму» ЖШС-ның жылдық жоспары талқыланды
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің жанынан құрылған «Халал Даму» ЖШС жұмысшылар тобы және Алматы қаласы бойынша тағайындалған жауапты тұлғалармен дөңгелек үстел өтті. Отырысқа ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, «Зекет» қорының атқарушы директоры Әлішер Спанов, Ғаламтормен жұмыс бөлімі меңгерушісі Мұрат Абдыхалықов, Алматы қаласы бойынша тағайындалған Ержан Назарбек және аудан бойынша жауапты өкілдер қатысты. Алғы сөзді, бөлім меңгерушісі 2016 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысынан бастады. Сонымен қатар, күн тәртібінде ағымдағы жылда атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді. Сертификатталған компаниялардың 80%-ға жуығы Алматы өңірінде болғандықтан, аудан өкілдерінен бақылау жүйесінің күшейтілуін талап етілді. Бүгіні таңға дейін нақты 75 компанияға сертификат беріліп, 16 компанияның өтініші қаралу үстінде.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі