Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қаңтар 2017

46

Жаңалықтар

Халал туризм бойынша қай ел көш бастады?

Туризм саласында шариғат талаптарына сай қызмет көрсетуде әлем бойынша Біріккен Араб Әмірліктері көш бастады. Аталған рейтингті түзу барысында мына 4 фактор ескерілді. Атап айтқанда, шариғат талатары бойынша қызмет көрсету сапасы, елге келген мұсылман туристері мен саяхатшыларының саны, жұмыспен қамтудағы халал туризм секторындағы қосқан үлесі және ақпарат тарату үшін қолға алынған шаралар. "Қазіргі уақытта халал туризм әлемде қарқын алып келеді. Сол себепті, оған қатты мән беріліп отыр. Дегенмен, елдің барлығы халал туризмнің не екенін жете түсіне бермейді, сондықтан, мұсылмандарға ол турасында құлағдар етіп отырудың маңызы зор",- деді Халықаралық халал аккредиттеу форумының бас хатшысы Мұхаммед Салих Бадри. Аталмыш рейтингтің екінші және үшінші орындарына Түркия мен Малайзия жайғасқанын айта кету керек. 

Бөлісу: