Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 ақпан 2015

35

Жаңалықтар

ҚМДБ-ның алғашқы «Халал» сертификаты берілді

Бүгін, яғни 13.02.2015 ж Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Халал сұлтан» сауда белгісімен халал шұжық өнімдерін өндіретін «Халал ет» ЖШС және «Ақ ниет» ЖШС кәсіпорындарының басшыларына Діни басқарманың алғашқы «Халал» сертификаттарын берді. Кездесу барысында Бас мүфти: «Адал ас тұтынған халықтың ұрпағының дені сау, білімді, текті болады. Адал ас — елдік мәселе. Сондықтан, халал өндірісін дұрыс жолға қою өзекті мәселелердің бірі. Осы мәселелерді бір жолға қою үшін тиісті мекемелермен жұмыс жасаудамыз», − деді. Сонымен қатар, Діни басқарманың сертификатын алуға ниет білдірген кәсіпорындармен жұмыс жалғасуда, консультациялар өткізілуде. Алдағы уақытта шариғат талаптары толық орындалған және орындалуы қамтамасыз етілген өндіріс орындарына халал сертификаты берілетін болады. Халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев халал сертификаты берілген кәсіпорынның жұмысын қадағалайтын әр өңірден келген өкілдермен кездесіп, еліміздегі халал өнімге қатысты өзекті мәселелер жайлы пікір алмасты. [gallery size="medium" link="file" ids="http://old.halaldamu.kz/wp-content/uploads/2016/02/1DSC_0138.jpg|,http://old.halaldamu.kz/wp-content/uploads/2016/02/2DSC_0113.jpg|,http://old.halaldamu.kz/wp-content/uploads/2016/02/3DSC_0069.jpg|,http://old.halaldamu.kz/wp-content/uploads/2016/02/5DSC_0167.jpg|,http://old.halaldamu.kz/wp-content/uploads/2016/02/4DSC_0157.jpg|"] Ақпарат көзі: muftyat.kz

Бөлісу: