«AVEM Deliis» ЖШС кәсіпорыны "Халал" сертификатқа ие болды
Құстарды ыстаумен айналысатын «AVEM Deliis» ЖШС кәсіпорыны толыққанды тексерістен өткізіліп, ҚМДБ-ның "Халал" сертификатына ие болды. Жуырда ғана жұмысын бастаған аталмыш кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан тұрғындарына ұсынумен қатар, Араб елдеріне де тасымалдауды қолға алу үстінде. «AVEM Deliis» өнімдерінің (ыстық ысталған күрке тауығы, ыстық ысталған бөдене және т.б.) дайындалу орталығы Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылында орналасқан. Сертификатты ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев арнайы табыстады.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі