Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 ақпан 2017

35

Жаңалықтар

Облыс имамдарына "Халал Даму" ЖШС өкілдігінің семинары өтті

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы «Қарасай батыр» мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков  Жанабілдің ұйытқы болуымен  семинар өтті. Семинарға «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы, Алматы облысы бойынша өкіл Қуаныш Бақытбекұлы, кәсіпкер Дәуренбек Кударов, аудандық ауылдық мешіт имамдары қатысты. Жиынды облыс өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы ашып берді. "Халал Даму" ЖШС-дан арнайы шақырылған Ануар Ізімбайұлы "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімінің тыныс тіршілігін таныстыра келе, үстіміздегі жылы атқарылған жұмыс жоспарына тоқтала кетті. Кәсіпкер Дәуренбек Кударов қазіргі таңда Халал өнімдерінің халқымызға қажеттілігін, осы саланы дамытуға имамдардың атсалысуына шақырды. Семинар соңы сұрақ жауапқа ұласты.

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі

Бөлісу: