Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 ақпан 2017

60

Жаңалықтар

«Гарант-Трейдинг» ЖШС мекемесі сертификатқа ие болды

Шетел өнімдерін импорттаушы «Гарант-Трейдинг» ЖШС мекемесі «Халал» стандартқа сәйкестендіріліп, ҚМДБ сертификатына ие болды. Аталмыш мекеме Мысыр еліндегі «Arabian Foods Ind Co» компаниясының «Domty» атты ірімшік өнімдерін (Домти Фита Ірімшігі,  Домти Лайт Ірімшігі, Домти Фита Плюс Ірімшігі, Домти Оливс Фита Ірімшігі) Қазақстан аумағына тасымалдап, қала тұрғындарына ұсынуда. Компания өнімдерінің құрамы толығымен тексеріліп, нәтижесі оңынан болды. Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Елжанов арнайы табыстады. Толық ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз!

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: