«Ансар Халал» кәсіпорынының бақылаушысы кезекті тексерісін жүргізді
Шұжық өнімдерін өндіретін «Ансар Халал» кәсіпорынының жауапты бақылаушысы болып тағайындалған Батырбек Базарбекұлы кезекті тексерісін жүргізді. Естеріңізге салсақ, аталмыш кәсіпорын 2015 жылы «Халал Даму» ЖШС-ның Сертификатын алып, Діни басқармамен бірлесіп жұмыс жасап келуде.
Батырбек Базарбекұлы кәсіпорын қызметіне, өнім сапасына өзінің оң бағасын беріп, "Ансар Халал" шұжығының шариғат талаптарына сай өндірілетіндігіне тағы бір мәрте көз жеткізді. Сонымен қатар, тексеріс барысында «Халал Даму» ЖШС өкілі кәсіпорын қызметкерлеріне дәріс өткізді. Дәріс Халал өнімдерге қатысты шариғи талаптар мен Халал өнімді стандарттаудың өзекті мәселелері жөнінде өрбіді. Мұндағы мақсат «Ансар Халал» кәсіпорынының қызметкерлерінің білімін жетілдіру болып табылады.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі