Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 наурыз 2017

52

Жаңалықтар

ДІНИ БАСҚАРМА МЕН HALAL QUALITY CENTRE АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сингапурдың «Halal Quality Centre» директоры Самад бин Салиммен ресми кездесуі болып өтті. 

Кездесу барысында Қазақстанда аймақтық хаб құру және бірлесіп жұмыс жасау туралы Halal Quality Centre және Діни басқарма арасында өзара меморандумға қол қойылды. Құжат аясында тараптар жобалық менеджмент, халалдың сапасы мен қызметін арттыру, және басқа да өзекті бағыттардағы халал саласында білім беру, тәжірибе алмасу шараларына қатысу көзделген.

Екі жақты әріптестіктің маңыздылығына тоқтала келе, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы меморандумның халал саласын дамытуға өз септігін тигізетініне сенімділігін атап өтті.

«Соңғы уақытта халал – индустриялық дамуға үлесін қосатынын, әрбір адамның денсаулығы мен қоғамдық белсенділігіне дейін тікелей әсерін тигізетінін әлем елдері мойындады. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетіп, халал стандарттау саласын дамыту жолында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазір дін қызметкерлері арнайы бағдарлама бойынша оқыту курстарынан өтуде. Халал стандарттау саласы бойынша ТМД елдерімен және Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Малайзия мемлекетімен әріптестік байланыс орнатып жатырмыз. Біз осы сала бойынша тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға дайынбыз», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Өз сөзінде Самад бин Салим қазіргі уақытта  Малайзияның Жахор қаласында алғашқы халал хабтың құрылысы жүріп жатқанын айттып, Қазақстанда жобаланған аймақтық хаб арасында байланыс орнату туралы тілегін жеткізді.

Бөлісу: