Оңтүстікке Халал бөлімінің жаңа өкілі тағайындалды
ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның ОҚО бойынша жаңа өкілі тағайындалды.
Халал өнімдерін стандарттаудың Оңтүстіктегі іс-шараларын енді Аманқұлов Тимур атқарады. Тағайындалған өкіл Шымкент қаласындағы «әл-Біләл» мешітінің бас имамы қызметін қоса атқарады. Т.Аманқұлов ақпан айының 27-28 күндері аралығында Алматы қаласында өткен семинарға қатысып сертификат алды.Өңірдегі жаңа өкілдің қызметіне сәттілік тілейміз!
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі