Талдықорғанда тағы екі асхана халал стандартқа сәйкестендірілді
Халал – рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды береді. Бұл Ислам әлеміне тән сөз. Құранда астың халал не харамдығына аса мән беріледі. Алла Тағаланың: «Сендерге Алла өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген сөзін берік ұстанатын бүгінгі күннің кәсіпкерлері үшін халалдың қоғам үшін қаншалықты пайдасы барын дәлелдейтін уақыт келді.
«Ас – адамның арқауы» деген аталы сөзді алдыңғы орынға қоятын қазақ үшін халал бәрінен биік тұруы тиіс. Жұрт жаппай халал тағамға көшкен сайын жүректе иман орнығып, санада сілкініс пайда болады» деген ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС директоры Бейбіт Мырзагелдиевтің сөзі көп адамға ой салды.
Жетісу жеріде өнімдерді халалдандырудан қалыс қалмады. Осы күнге дейін бір мейрамхана мен бір кафе сертификатталған болса, наурыз айында тағы екі асхана халыққа жан-жақты адал тағам беруге көшті. Атап айтар болсақ, «Арафат» асханасы мен «Is smile» жылдам тағам асханасы.
Жегеніміз бен ішкеніміз халал болса, қылған құлшылығымыз аман болары хақ.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі