Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 сәуір 2017

42

Жаңалықтар

Әйел-қыздар жамағатына“ Халал астың маңыздылығы” тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС және Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Төле би мешітінің ұйытқы болуымен “Халал астың маңыздылығы” тақырыбында әйел-қыздар жамағатына семинар өтті. Семинарға “Халал Даму” ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі, Әскер Ата мешітінің бас имамы Ержан Назарбек, Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша жауапты өкілі, Төле би  мешітінің  найб имамы Асанов Ахан, Алмалы ауданы бойынша жетекші әрі жауапты ұстаз Акурпикова Гулзат және “Халал Даму” ЖШС-ның технолог маманы Шамшетова Адиля қатысты.

Кіріспе сөзді Алматы қаласы бойынша Халал өкілі Ержан Назарбек бастап, Халал мен Харам ұғымы туралы түсінік берді. Бұл тақырыптың қоғам үшін өзектілігіне тоқталды. Әрбір мұсылман ер кісімен әйел кісіге білім парыз деп айтылған. Осыны Абдулла ибн Масғудтан (р.а) жеткен хадисте «Әрбір мұсылманға халал мен харамның арасын ажырататын білім парыз» деген. Сонау ықылым заманнан адал асқа аса көңіл бөлген ата-бабаларымыздың тектілікті ту етіп, талай шапқыншылық пен қуғын-сүргіннен жойылып кетпей аман қалуы шариғат талаптарын тіршілігіне тірек етуінде екендігіне шолу жасады.

   Сондай-ақ,  Төле би  мешітінің  найб имамы Асанов Ахан, бірқатар өзекті мәселелер көтерді. Атап айтқанда: Халал өнімінің діндегі және қоғамдағы орны, маңыздылығы, ерекшелігі талқыланды.

    “Тағамдық қоспалар” тақырыбында семинарға толыққанды ақпараттар әзірлеген технолог маманның дәрісі тыңдалды.

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі

Бөлісу: