Астанада «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» оқу-семинары өтті
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылындағы «Компания Алтын-Казык» ЖШС мекемесі қасапшыларына оқу-семинар өтті. Семинарды ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы өткізді. Қасапшылар назарына Халал және Харам тақырыбында түрлі презентациялар мен видеороликтер көрсетіліп, "Мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы" Халал стандарт бойынша сарапшы маманның дәрісі тыңдалды.
ҚМДБ тарапынан қасапшыларға алғыс айтылып, «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты оқу–семинарын тәмәмдағандығын растайтын сертификат және қасапшының жеке мөрі табысталды. Қасапшыларға малды бауыздау рәсімінің шариғатымыздан алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі, үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтілді. Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев арнайы табыстады.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі