Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 сәуір 2017

23

Жаңалықтар

Қазаққия асханасы «Халал» сертификатқа ие болды

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар ауылы, Қонаев көшесінде орналасқан Қазаққия асханасы «Халал» сертификатқа ие болып, ҚМДБ-ның бақылауына ілінді. Асхананың қызметі мен өнімдері 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 1:2015 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерілді. Сонымен қатар арнайы зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі оңынан болды. Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Елжанов табыстады.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: