ҚМДБ-ның тексерісінен өткен «HUSNA» ерін далабы
Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан «HUSNA» ЖК кәсіпорыны ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның тексерісінен өтті. Аталмыш кәсіпорынның косметикалық өнімі (ерін далабы өнім) арнайы зертханалық тексеріске жіберілді. Нәтижесінде өнім "Халал" стандартқа сай болып, ҚМДБ-ның сертификатына ие болды. Сертификатты ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.
HUSNA табиғи косметикасы елімізде өндірілген сәндік косметика саласындағы бірінші өндіруші. Кәсіпорынның басты мақсаты - өнімді шариғат талаптарына сәйкестендірумен қатар адам денсаулығына да зиянын тигізбеу болып табылады. Кәсіпорынмен байланысу үшін сілтемені басыңыз!
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі