Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 сәуір 2017

59

Жаңалықтар

Қонақ үйлерге «Халал» стандартты еңгізу турылы кездесу өтті

«EXPO 2017» халықаралық көрмесіне орай «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ның ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 14 күні Астана қаласы Есіл ауданы әкім аппаратының конференц залында серіктес қонақ үйлер басшылықтарының қатысуымен қонақ үйлерге «Халал» стандартты енгізу туралы кездесу өтті. Кездесуге  «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ның директор орынбасары Амантай Абилов, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев, «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы және Астана қаласының серіктес қонақ үй басшылықтары қатысты.

Кездесу ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиевтің баяндамасымен  басталды. Бөлім меңгерушісі өз баяндамасында келесідей мәселелерді қамтып өтті: Халал бөлімінің ашылу себептері, «Халал Даму» ЖШС-ның құрылуы, қызметкерлері, стандарттары және жалпы құрылымы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, қонақ үй басшылықтарына «Шариғат әдебіне сай қонақ үй қызметі» тақырыбындағы сарапшы маманның презентациясы таныстырылды.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: