Астана қаласындағы OZYURT және MAVERA мейрамханасы тексерістен өтті
Астана қаласы Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығында орналасқан OZYURT және MAVERA мейрамханалары кезекті тексерістен өтті. Тексерісті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы жүргізді. Бақылау барысында аталмыш мейрамхананың өнімдері, қоймалары, сырттан келетін тауық еті өнімдері, сусындары назарға алынды. Сондай ақ, «Халал Даму» ЖШС өкілінің кеңесімен алдағы уақытта OZYURT және MAVERA мейрамханасының қызметкерлеріне «Халал және Харам» турасында семинар өткізу жоспарлануда.
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі