Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 сәуір 2017

28

Жаңалықтар

Халалтанушыларға арналған семинар басталды

Алматы қаласы бойынша бекітілген «Халал Даму» ЖШС-ның  қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары басталды. Бүгінде Халал тақырыбы өзекті мәселеге айналып келуде. Күн санап еліміздің мұсылмандарының діни сауаты артып, өздерін толғандырған сұрақтарымен ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мен Халал өнімдерін стандарттау бөліміне қоңырау шалынып сұрақтар қойылуы қуантады.

«Халал» Даму ЖШС-ның технолог маманы, лектор Айжан Омарова семинарды бірнеше тақырыпқа бөліп, бейне дәріс түрінде жүргізуде. Сонымен қатар, семинарға ҚМДБ-ның қызметкерлері де қатысуда.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Бөлісу: