Халал стандартқа сай "Алматинский продукт" ЖШС өнімдері
Кондитерлік өнім өндіретін «Алматинский продукт» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның бақылауына алынды. Аталмыш кәсіпорынның 8 түрлі (бамбук, карамель, вафельные трубочки, халва, брак, вафли, печенье польское, печенье) өнімдері толығымен зертханалық тексерістен өткізілді. Тексеріс нәтижесі оңынан болып, кәсіпорын «Халал» сертификатқа ие болды. Сертфикатты ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің маманы әрі «Халал Даму» ЖШС-ның жұмысшы тобының мүшесі Бауыржан Әлиұлы арнайы табыстады.
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі