“Халал Даму” ЖШС-ның эксперті Талдықорғанға арнайы келді (ФОТО)
Халал орталықтарын арнайы тексеруге келген «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Алмагүл Қуанышбайқызы Талдықорған қаласында орналасқан барлық халал орталықтарын аралап, кең көлемді тексерістен өткізді. Эксперттің кеңестеріне тәнті болған жергілікті кәсіпкерлер ҚМДБ жұмыстарының ауқымды түрде жүріп жатқанына нақты көздері жетті.
Қаламызда тағы, үш мекеме өнімдері халал стандартқа сай екендігі расталып, сертификат табыс етілді. Атап айтар болсақ: «Мясной двор» ет өнімдері. «Нарат» лағманхана, кәуапханасы мен «Q Chicken» фасд-фуд өнімдері.
Еске сала кетсек, осы күнге дейін «Іs smile», «Арафат», «Баракат», асханалары халыққа адал ас ұсынып келген болатын.
Адал ас – денсаулық кепілі. Құлшылық – негізі. Дұға-тілектердің қабыл болуының алғы шарты. Өмірдің – берекеті. Асымыз адал болсын ағайын!
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі